Жиі қойылатын сұрақтар
Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар тұжырымдайтын консультациялық-кеңесші орган болып табылады және өз қызметін қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша жүзеге асырады.
Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, Республикалық терминологиялық комиссия туралы ережемен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000116
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комиссиясының жұмыс органы болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалар салалық терминдерді бекіту жөніндегі өз ұсыныстарын Комиссияның жұмыс органына ресми түрде жібере алады. Комиссия шешімдері «termincom.kz» сайтында жарияланады.
https://termincom.kz/termins#approved
Мысалы, Сіздің биология саласында жаңа терминдер енгізу бойынша қандай да бір ұсынысыңыз болса, Сіз Комитетке жолдай аласыз. Комитет ұсынысыңызды Комиссияның кезекті отырыстарының бірінің күн тәртібіне енгізеді.
Сіздің ұсынысыңыз бойынша Комиссия шешім www.termincom.kz сайтында жарияланады.
1983 жылы бекітілген қолданыстағы емле ережесіне қатысты қоғам тарапынан түрлі сын-пікірлер келіп түсуде. Атап айтқанда, кейбір біріккен және күрделі сөздердің, жарыспалы қолданылып жүрген сөздердің жазылуындағы әралуандылық пен кірме сөздерге қосымшалардың жалғануы – өзекті мәселенің бірі.
Осы орайда қазіргі уақытта уәкілетті орган тарапынан қазақ тілінің қолданыстағы емле ережесіне, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жұмысты жүргізу мақсатында Республикалық орфография комиссиясы құрылды. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000468
Республикалық орфография комиссиясының міндеті қазақ тілінің орфографиясы, орфоэпиясы мен пунктуация ережелерін, қазақ тілінің нормасы белгіленетін сөздіктер және анықтамалықтардың тізімін бекітеді; қазақ тілінің нормасы белгіленетін сөздіктерге қойылатын талаптарды бекітеді; орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтамалық құралдар және басқа да нормативтік дереккөздерді орфография нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық баға береді; орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық ережелер мен ортологиялық құралдарды бекітеді; тілдік норманың қалыптануы (кодификация) мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Мысалы, сіздің қандай да бір қиындық тудырып жүрген сөздің жазылуына қатысты ұсынысыңыз болса, Республикалық орфография комиссиясының жұмыс органы болып табылатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне ресми түрде жолдай аласыз.
Ғылым саласындағы негізгі заңнамалық актілер келесілер: «Ғылым және технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103; «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы 517 бұйрығы; «Еңбекақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 573 бұйрығымен және басқаларымен.
Мысалы, ғылыми қызметкер келесі сұрақпен жүгінді: ол граннтық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін құжаттарын жолдауға жоспарлайды. Қандай заңнамалық актіде оған ақпаратты алуға болады? Ақпаратты ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығынан алады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 12-тармағына сәйкес аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін тоқтатылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Тоқтату мынадай жағдайларда:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) немесе таратылған;
2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;
3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген).
Мысалы:
ЖШС аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін қайта құру туралы хаттамадан үзінді көшірмесін ұсынды. Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәлік мерзімі өткенге дейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы тілдік курстардан өту мүмкіндігімен мына санаттарға тағайындалады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573):
1) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, ауылдық елді мекендерден шыққандар;
2) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатындар;
3) Медициналық бағыттағы мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде еңбек қызметін жүзеге асырып, медициналық ұйымдарда тікелей медициналық көмек көрсететіндер, жоғары медициналық білімі бар және жалпы медициналық еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
4) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер және мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 12 айын жіберуші мемлекеттік органда өткізгендер.
Мысалы:
Үміткер ауыл мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып 3 жыл жұмыс істесе, бірақ ауылды елді мекенде 1 жыл аз ғана тіркелген болса. Ол магистр дәрежесін алу үшін «ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер» санаты бойынша құжаттарын тапсыра алады ма?
Жоқ, үміткер «ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер» санаты бойынша магистр дәрежесін алуға құжаттарын тапсыра алмайды. Қағидаларға сәйкес, үміткер соңғы екі жыл ауылдық елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы тиіс. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды қоса береді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020730#z21
Мысалы:
Үміткер «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қолма-қол тапсыра алады ма?
Жоқ, қолма-қол тапсыра алмайды. Үміткерлер құжаттарды тек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі белгілеген қабылдау мерзімі ішінде «Электрондық үкімет» e-gov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады.
https://egov.kz/cms/kk/services/higher_education/184pass_mon
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573 сәйкес, құжат қабылданатын және конкурстық іріктеу өткізілетін мерзімді жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда орналастырады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау мерзімдері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады: https://bolashak.gov.kz/ru
Мысалы:
Үміткер белгіленген мерзімде конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсырып үлгермесе, оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер құжаттарды қабылдаудың бекітілген мерзімінде тапсыруы керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына сәйкес «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурсы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573). «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеудің үшінші кезеңінің нәтижелерін Республикалық комиссия қарайды. Алғашқы екі тур өткізілгеннен кейін әкімші материалдарды жұмыс органына үшінші тур өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей енгізеді. Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарастырып, «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткерге 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімшінің ресми интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру арқылы жарияланды.
«Болашақ» бағдарламасының ресми порталында (https://bolashak.gov.kz/kz) «Болашақ» стипендиясы тағайындалған стипендиаттардың ғана мәліметтері жарияланады. Стипендия тағайындалмау туралы нақты ақпарат алу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның электрондық поштасына жүгіну қажет (info@bolashak.gov.kz).
Мысалы:
Мен өз атымды Ресми сайтта жарияланған «Болашақ» стипендиясына ұсынылған тізімнен таба алмадым. Неліктен мен тізімде жоқпын?
Сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның электрондық поштасына (info@bolashak.gov.kz) сұрағыңыз мен өз деректеріңізді жазу арқылы хабарласу қажет.
Үкіметаралық келісімдер шеңберінде оқуға ниет білдірген үміткерлер қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 76-90-76 (ішкі 110, 112, 113, 114, 115) нөмірі бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Орталық) жүгіне алады. Сондай-ақ, барлық ақпарат Орталықтың сайтында жарияланады https://bolashak.gov.kz/kz
Мысалы:
Астанадан келген үміткер «Халықаралық бағдарламалар орталығынан» кеңес алып, құжаттарын тікелей кеңседе тапсырғысы келеді. Ол үшін кеңсеге келе алады ма?
Иә. Үміткер «Халықаралық бағдарламалар орталығы», Сығанақ 70 мекенжайы бойынша жүгіне алады.
«Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. Білім туралы деректерді ЖББП-ға деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тікелей енгізеді.
Баяндалғанның негізінде, цифрлық диплом туралы мәліметтерді жедел өзектендіру мақсатында Университетке тікелей өтінім беру мүмкіндігімен «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін пайдалануды ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күн.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы: Азамат Б.И.-дың Шымкент университетінен алған дипломының электронды нұсқасында оқу нысаны – сырттай, қағаз нұсқасында оқу нысаны – күндізгі. Осыған орай, азамат Б.И. дипломдағы мәліметтерді түзету үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін пайдаланып, қызмет нәтижесін 15 күннің ішінде алды.