Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (бұдан әрі – ҚР ҰҒА) академиктерін сайлау қағидалары мен критерийлеріне https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035119 сәйкес Ұлттық ғылым академиясының академигі болып ғылыми жетістіктері, ғылыми дәрежесі (PhD, ғылым докторы) және ғылыми/білім беру ұйымдарында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар атағы (профессор, қауымдастырылған профессор) бар ірі ғалым болып табылатын Қазақстан азаматы сайлана алады.
ҚР ҰҒА академигі болып сайлау конкурстық негізде өтеді және мынадай кезеңдерден тұрады: үміткерлердің құжаттарының өлшемдерге сәйкестігін қарау (ғылыми жетістіктер, ғылымға қосқан үлесі, кадрлар даярлау мектебі), үміткерлерді балдық жүйе бойынша сараптамалық комиссияның бағалауы, Академия Төралқасының үміткердің даму бағдарламасын бағалауы.
Сайлау туралы шешімді кандидатураны мақұлдайтын немесе қабылдамайтын жалпы жиналыс қабылдайды.
Мысал: PhD дәрежесі бар және қауымдастырылған профессор болып табылатын азамат Қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайлануға құжаттар тапсырды.
Бірақ оның кандидатурасы қабылданбады, өйткені оның жұмыс өтілі құжаттарды тапсыру кезінде 9,5 жыл болды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 451 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035193 бекітілген Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғағаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) жібереді.
ҰМҒТСО жоғарыда аталған құжаттарды алып, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді.
Дәлелді себептермен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қорғаушының өтінішхаты бойынша бұл мерзімді философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеуді жүзеге асыратын ұйым ұзартуы мүмкін.
Ауру, еңсерілмейтін күш мән-жайлары және адамды қызмет алуға өтініш беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер дәлелді себептер ретінде танылады.
Мысал: азамат А. философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Алайда, ауруға байланысты ол философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияны тіркеу мерзімін кешіктірді.
А. азаматы ауруды растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін диссертацияны тіркеуге құжаттар қабылданды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 451 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035193 бекітілген Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғағаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) жібереді.
ҰМҒТСО жоғарыда аталған құжаттарды алып, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді.
Дәлелді себептермен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қорғаушының өтінішхаты бойынша бұл мерзімді философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеуді жүзеге асыратын ұйым ұзартуы мүмкін.
Ауру, еңсерілмейтін күш мән-жайлары және адамды қызмет алуға өтініш беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер дәлелді себептер ретінде танылады.
Мысал: Біздің ғылыми-зерттеу институтында жаңа консультативтік-кеңесші орган бекітілді. Құрамды басшы мен оның орынбасары таңдады.
Бұл консультативтік-кеңесші орган өкілетті ме?
Жоқ, ол өкілетті емес, өйткені құрамды ұжым таңдауы керек.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысының 5-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000826
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қалыптастырылатын жобаларды қоспағанда, ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қаржыландыру көлемін бюджет қаражаты есебінен айқындайды және бөледі.
Мысалы, бюджетте ғылыми қызметке белгілі бір сома қарастырылған, ЖҒТК қай бөлігі іргелі зерттеулерге, ал қай бөлігі қолданбалы жобаларға және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталатынын шешеді.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысының 5-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000826
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) Қазақстан Республикасында ғылым мен ғылыми зерттеулерді дамытудың басым бағыттарын айқындайды.
Мысалы, ғылымды дамыту мәселелерін қарастыру кезінде Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алдағы жылдары жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы зерттеулер басымдық болып табылатынын және дәл осы бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау қалыптастырылатынын анықтай алады.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығының 65-67-тармақтарына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033613
орындаушылар сараптамадан өтетін және Ұлттық ғылыми кеңес (бұдан әрі – ҰҒК) қарайтын аралық және қорытынды есептерді ұсынады.
Мысалы:
Алматы қаласындағы Нархоз университеті бағдарламаны іске асыруға 2024 жылдан 2026 жылға дейін қатыса бастады. Университет жыл сайын, яғни 2024, 2025, 2026 жылдары сарапшылар бағалайтын және қаржыландыруды жалғастыру туралы шешім қабылдау үшін қолданылатын ғылыми бағдарламаны іске асыру туралы есеп беруі керек.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығының 29-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033613
қаржыландыру мәлімделген мақсаттарға қол жеткізілмеген, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың (бұдан әрі – МҒТС) теріс қорытындысын алған кезде немесе қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы анықталған кезде тоқтатылады. Мақсатсыз пайдаланылған жағдайда қаражат қайтарылуға жатады.
Мысалы:
Университет бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысып, конкурсты жеңіп алды және жобаны іске асырудың бірінші жылының соңында есеп берді. МҒТС есебін тексеру кезінде бағдарламаның бірінші жылдың қорытындысы бойынша мәлімделген ғылыми нәтижелерге қол жеткізбегені анықталды. Ұлттық ғылыми кеңес осы бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату туралы теріс шешім шығарды.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығының 29-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033613
қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру кезінде өтінім беруші жобаны ресурстармен ішінара қамтамасыз ете отырып, жекелеген ғылыми бағыттарды қоспағанда, жеке әріптестің қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Салым немесе қажетті ресурстар сомасын және оларды іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, еркін нысандағы салым туралы келісім тараптардың ниетін растау болып табылады.
Жеке әріптес жобаны іске асыру барысында салым ниетінен бас тартқан не баламалы ауыстыру болмаған жағдайларда Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі бойынша жобаны қаржыландыру тоқтатылады.
Мысалы:
Астана қаласының ғылыми-зерттеу институтының (бұдан әрі – ҒЗИ) ғылыми ұжымы Павлодар қаласының өнеркәсіптік кәсіпорны үшін қолданбалы технология бойынша жоба әзірлеуде. Жобамен жұмыс істеу барысында ҒЗИ конкурсқа қатысу үшін Павлодар қаласынан серіктес компаниямен «Марс» ЖШС – мен келісім жасасты, ол келісім бойынша осы жобаны іске асыру үшін қаржыландыру мен жабдықтардың бір бөлігін беретін болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000020626 сәйкес, Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу шеңберінде ұйымдарды бағалау кезінде Ғылым комитеті кадрлық әлеуетті, материалдық-техникалық базаны және ұйымның ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстарды орындау қабілетін бағалайды.
Мысалы, ветеринария саласында қызмет атқаратын Алматы қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуге өтінім берген. Аталған ЖШС-де талап етілетін кадрлық әлеует бар және әртүрлі ғылыми зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі бар, алайда материалдық-техникалық базасы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді, нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелмеді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібі «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015173). Көрсетілген Қағидаларға сәйкес ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ҰБТ-ға өтініш берудің бағдарламалық жасақтамасына жүктейді (Ұлттық тестілеу орталығының сайтында сілтемесі берілген https://app.testcenter.kz) және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндер бойынша мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін білетін маманның көмегі қажет екенін қосымша көрсетеді. Мүгедектікті белгілеу туралы құжатты «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген. Мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) үшін тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі. Сондай-ақ көру аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ пәндерінің тест тапсырмаларының нұсқалары схемасыз, кестесіз, суретсіз, картасыз қалыптастырылады.
Мысалы:
Мараттың көру аппаратының функциялары бұзылуына байланысты II топтық мүгедектігі бар. ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген кезде Марат мүгедектік анықтамасын жүйеге жүктеді және көмекші қажет екенін көрсетті. Көру қабілетінің нашарлауына байланысты Маратқа схемалар, кестелер, суреттер, карталар және графиктік материалдарды пайдаланбастан тест сұрақтары ұсынылды. Сонымен қатар, емтихан уақытына қосымша 40 минут берілді және ҰБТ кезінде көмекші тағайындалды.