Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасының азаматы «Цифрлық құжаттар» сервисінде жоғары білім алғаны туралы құжатты тексере алады, ондағы мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. ЖББП-дағы деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тікелей жауапты болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген типтік ережелерге сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657), https://epvo.kz/#/verification_education_document ақпараттық жүйесіне кіріп, міндетті жолдарды толтыру арқылы білім туралы құжаттың электрондық нұсқасы бойынша мәліметтердің заңдылығын тексеруге болады.

Мысалы: Азамат А.Омар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Жұмыс беруші А.Омардың дипломының заңдылығына көз жеткізгісі келді. Ол үшін, жұмыс беруші https://epvo.kz/#/verification_education_document ақпараттық жүйесіндегі міндетті жолдарды (жеке сәйкестендіру нөмері, диплом нөмірі мен сериясын) толтыру арқылы қызметкердің цифрлық дипломы туралы мәліметтерге қол жеткізді.