Халықаралық ынтымақтастық департаменті

1) жоғары білім және ғылым саласындағы шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету және іске асыру;

2) Министрліктің құзыретіне кіретін салалардағы басым бағыттарды айқындау және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

4) Департамент құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.