Заң департаменті
1) Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2) Министрліктің нормативтік-құқықтық актілерінің, сондай-ақ Министрлікке басқа мемлекеттік органдардан келіп түсетін құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан зерделеу және талдау;
3) Министрліктің құзыретіне кіретін нормативтік-құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
4) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын жинақтау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
6) әзірлеушісі Министрлік болып табылатын Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын өту кезінде қатысады;
7) Министр мен аппарат басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
8) Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларының өтуі кезінде, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет аппаратынан бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын әзірлеуші жұмыс тәртібімен пысықтаған кезде қатысады Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратынан және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік орган болып табылады.
9) заңнамаға сәйкес Департаментке жүктелген өзге де міндеттер.