Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
1) Министрлікке келіп түсетін қағаз және электронды форматтағы құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан, Қазақстан Республикасының Парламентінен, министрліктерден, ведомстволар мен басқа да ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан тиісті деректер базасына (бұдан әрі – БҚА, E-өтініш) келіп түсетін құжаттарды күнделікті тіркеуді және бақылауды қамтамасыз ету;
3) Министрліктің шығыс хаттарын ОДО, E-өтініш күнделікті тіркеуді қамтамасыз ету;
4) Министрлікте жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
5) Министрдің, Министрліктің Аппарат басшының, бірінші вице-министрдің және вице-министрлердің азаматтарды қабылдау жөніндегі тоқсан сайынғы кестесін құру, кестені Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жіберу;
6) Министрдің жеке қабылдауын және онлайн қабылдауын ұйымдастыру;
7) Министрлік алқасының отырысын, Министрде өтетін аппараттық кеңестердің және Министрліктің басқа да іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
8) Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, басқа білім және ғылым жүйесі ұйымдарымен және мекемелерімен, басқа да министрліктермен және ведомстволармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жүргізу;
9) Министрліктің орталық аппаратын және оның ведомстволарын негізгі құралдармен, тұрғын ғимараттар мен орын-жайлармен және көлік құралдарымен, кеңсе тауарларымен, телекоммуникациялық құралдармен жарақтандыру жұмысын ұйымдастыру;
10) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілетін Министрлік және оның ведомстволары әзірлейтін мемлекеттік тілдегі құжаттарды (мәтіндерді) редакциялауды жүзеге асыру;
11) мемлекеттік тілде әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын лингвистикалық сараптамадан өткізу.