Құрылым

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті

1. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен Министрліктің Аппарат басшысы бекітеді.

4. Департамент 3 басқармадан тұрады:

1) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы;

2) Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі басқармасы;

3) Әкімшілік және редакциялық жұмыс басқармасы.

Толығырақ

Қоғаммен байланыс департаменті

1. Қоғаммен байланыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі – Министрлік) және өз қызметінде аппарат басшысына тікелей бағынады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрлік туралы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Департамент:

1) Талдау, мониторинг және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасынан тұрады.

Толығырақ

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

1. Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімше болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституцияцы мен заңдарын, Қазақстан Респуликасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Департамент мыналардан тұрады:

1) Халықаралық ынтымақтастық және Протокол басқармасы;

2) Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасы.

Толығырақ

Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті

1. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Департамент 2 басқармадан тұрады:

1) Стратегиялық жоспарлау басқармасы;

2) Үйлестіру және мониторинг басқармасы.

Толығырақ

Персоналды дамыту және басқару департаменті

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Персоналды дамыту және басқару департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін, басқа да Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Департамент мыналардан тұрады:

1) Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру басқармасы;

2) Тәртіптік іс жүргізу және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс жөніндегі басқармасы;

3) Персоналды бағалау және дамыту басқармасы.

Департаментке осы Ережеге сәйкес олардың қызметіне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.

Толығырақ

Заң департаменті

1. Заң департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі – Министрлік) және өз қызметінде аппарат басшысына тікелей бағынады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрлік туралы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Министрліктің штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аппарат басшысы бекітеді.

4. Департамент мыналардан тұрады:

1) Нормашығармашылық басқармасы;

2) Құқықтық жұмыс басқармасы.

Толығырақ

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті

1. Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Департамент келесі құрылымдық бөлімшелерден тұрады:

1) Цифрлық трансформациялау басқармасы;

2) Мемлекеттік қызметтер басқармасы;

3) Жасанды интеллект бойынша жобалар басқармасы.

Толығырақ

Экономика және қаржы департаменті

1. Экономика және қаржы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді. Департамент қызметіне жалпы жетекшілік етуді Министрліктің аппарат басшысы жузеге асырады:

4. Департамент 3 басқармадан тұрады:

1) Бухгалтерлік есеп және жиынтық есептілік басқармасы;

2) Қаржыландыру басқармасы;

3) Бюджетті жоспарлау басқармасы.

Толығырақ

Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті

1. Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, штаттық санын Министрліктің аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

4. Департамент мынадай басқармалардан тұрады:

1) Корпоративтік даму және мемлекеттік активтер басқармасы;

2) Инфрақұрылымдық жобалар басқармасы;

3) Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тапсырыс басқармасы.

Толығырақ

Ішкі аудит департаменті

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің (бұдан әрі – Министр) шешімімен құрылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлiгінің кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережеге, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне және Министрліктің ішкі құжаттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын (директор, бас сарапшы – 3 бірлік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Департамент туралы ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді және Министрдің келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Толығырақ