Сауда комитеті Ұлытау облысының сауда департаментінің басшысы, С-О-1 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-1 (Басшы)

Орташа лауазымдық айлықақы

548052

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Аспап жасау
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттерінің болуы. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет және Еңбек кодекстерін, «Сауда қызметін реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ішкі сауда қағидалары», Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Функционалды міндеттер

Департамент қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Сауда инфрақұрылымын және сауда қызметін дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылау қызметінің негізгі бағыттары бойынша департамент жұмысын бағалауды талдау. Сауда қызметі саласындағы міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жоспарлау. Әкімшілік істерді қарау. Сауда инфрақұрылымын және сауда қызметін дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, Комитет қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу. Тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыруға қатысу және бюджет қаражатының ағымдағы игерілуін бақылау. Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.09.2022 – 22.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.09.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38