ҚР СИМ Сауда комитеті Сауда саласын дамыту басқармасының бас сарапшысы (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің 30.06.2023 ж. дейінгі оқу кезеңіне), С-4-санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Информатика
- Құқық және экономика негіздері
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Аспап жасау
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және бюджеттік кодекстерін, «Сауда қызметін реттеу туралы», «Ішкі сауда қағидалары» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.
Функционалды міндеттер
Сауда қызметі саласында мониторингті және талдауды жүзеге асыру; Азық-түлік тауарлары нарықтарына мониторинг жүргізуді дайындау; Ішкі сауда бөлігінде сауда инфрақұрылымын және сауда қызметін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; Департамент қызметінің мәселелері бойынша есептілікті қалыптастыру; Ақпараттық жүйелерді дамыту; Қазақстан Республикасының шет елдердегі Сауда өкілдіктерінің қызметін үйлестіру; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдамалық материалдар дайындау; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.08.2022
- онлайн
-
74-91-38
Сулейменова Н.К.