Сауда комитеті Стратегия және сауда саясат басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (2 бірлік, оның біреуі уақытша, бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2024 жылғы 18 қазанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

  1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.
  2. Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
  3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және бюджеттік кодекстерін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Ішкі сауда қағидалары» «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Функционалды міндеттер

Басқармаға жүктелген функциялар шеңберінде мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге қатысу; Басқарма құзыреті шегінде мақсаттар, индикаторлар мен көрсеткіштер картасын әзірлеуге, келісуге және бекітуге қатысу; Министрліктің жобалық кеңсесінің жұмысына қатысу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері жұмысының сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.08.2023 – 23.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу орны

пр. Мәңгілік ел 8, 1 подъезд (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38