Тұтынушылардың шағымы 85 пайызға артқан

Жарияланған күні: 13 қыркүйек 2023

Соңғы кезде жамбылдықтардың жеке кәсіпкерлерге деген арыз-шағымдары артқан. Сегіз айдың ішінде құзырлы мекемелерге азаматтардан 428 өтініш келіп түсіпті. Халық қызмет көрсету сапасының төмендігінен бастап, сөредегі бағаның төлем түбіртегімен сәйкес келмейтіндігіне дейін түрлі бұзушылықтарға шағымданған.

Тұтынушылардан келіп түскен әрбір сауал ескерусіз қалған жоқ, дейді сала мамандары. Тиісті шара қолданылып, сатып алушы тараптардың сұраныстары заң шеңберінде қанағаттандырылған. Жамбыл облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мұндай заңсыз әрекеттерге куә болған әр адамның құқықтарын қорғауға әзір.