Хабарландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы.

2025 жылғы 14 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:

  1. Департаменттің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталады.
  2. Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері қарастырылады.
Басталу уақыты

14 тамыз 2025

Соңғы күні

14 қыркүйек 2025

Оқиға түрі

Хабарландыру