Тауарлардың Ұлттық каталогын енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау жобасына қоғамдық талқылау жүргізілгені туралы

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі  тауарлардың Ұлттық каталогын  енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау жобасына қоғамдық талқылау жүргізетін туралы хабарлайды.

Қазіргі уақытта бөлшек сауда желісінің сауда орындарында сатылатын бір тауардың жүзге дейін түрлі атаулары болуы мүмкін екендігіне байланысты бағалар мен инфляцияны бақылау мәселесі бар. 45% жағдайда тауарлардың атаулары дұрыс көрсетілмеген, өйткені атаулардың бірыңғай анықтамалығы және оны ұстану міндеттемесі жоқ.

Аталған проблемаларды шешу үшін бақылау-кассалық машиналардың бақылау чектерінде тауарлардың монотонды атауларын қамтамасыз ететін елдегі тауарлардың бірыңғай анықтамалығы болып табылатын ҰБТ енгізу және қолдану көзделген.

Осыған байланысты, Министрлік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №748 бұйрығымен бекітілген "реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының" 20-тармағына сәйкес жоғарыда аталған мәселелер бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды, ол 2024 жылы 13 тамызда сағат 10.30-де өтеді.

Талдау жобасын талқылау 07.08.2024 ж. бастап 09.08.2024 ж. дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетімді.

Талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Қоғамдық талқылауға қатысу үшін кандидатураларды электрондық мекенжайға ұсынуды сұраймыз: e.sheriyazdanov@mti.gov.kz.

Оқиға күні

13 тамыз 2024

Оқиға түрі

Хабарландыру