Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне жоспарланған қоғамдық талқылаулар өткізу туралы
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Реттеуші құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) негізінде «Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылаулар 2024 жылғы 5 наурыз сағат 17.00-тен бастап 11 наурыз сағат 18:30-ға дейін (3 жұмыс күні ішінде) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында, «РӘТ» бөлімінде жүргізу жоспарланып отырғаны туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың «11» наурыз күні сағат 16.00-де қосымша бейнеконференция өткізу туралы атап өтеміз.
Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін d.azharbayeva@mti.gov.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Zoom сілтемесі мүдделі тұлғаларға ұялы телефон нөмірлеріне бағытталады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 75-07-93, 75-37-73, 74-37-35.
05 наурыз 2024
11 наурыз 2024
Хабарландыру