Астана қаласы тұрғындарының назарына!


Өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы өңірлерден тауар өндірушілердің қатысуымен Астана қаласында жалғасуда. Жәрмеңке әр сенбі мен жексенбіде қыркүйек айының соңына дейін өтеді.
Барлық өнімдер нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылатын болады.
2023 жылғы 16 және 17 қыркүйекте өз өнімдерін Қызылорда облысынан аграршылар әкеледі.
Жәрмеңке Тәуелсіздік даңғылы, 50-де «Шабыт» өнер университетінің алдындағы алаңда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.
Сондай-ақ, жәрмеңке қонақтарына Қызылорда облысының мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Басталу уақыты
16 қыркүйек 2023
Соңғы күні
17 қыркүйек 2023
Өткізу орны
Тәуелсіздік даңғылы, 50-де «Шабыт» өнер университетінің алдындағы
Оқиға түрі
Хабарландыру