Меню

Страницы

Статья

ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы А.А.Әбілдабековтың ОКҚ-дағы Брифингке арналған сауда субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөз сөйлеуі

 

Қайырлы күн, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

 

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 06 сәуірдегі Заңы негізінде  Сауда және интеграция министрлігіне сауда қызметі субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну құзыреті берілді.

Заңды іске асыру үшін  кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары қабылданды, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың нақты тетігі мен шарттары айқындалды.

Бұл бағдарламаға еліміздегі 3 мегаполис Астана, Алматы, Шымкент қалалары және елдегі ойын-сауық орталықтары қатыса алмайды.

Облыстық маңызы бар қалалардағы Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары экономикалық қызметтің мынадай түрлеріне сәйкес қолдау көрсетіледі:

  1. ЭҚЖЖ 46.90.3 "көтерме-тарату орталықтарын қоса алғанда, сауда алаңы 2000 ш. м. (2000 ш. м. және одан жоғары) асатын сауда объектілерінде қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментімен көтерме сауда";
  2. ЭҚЖЖ 47.11 "мамандандырылмаған дүкендерде негізінен тамақ өнімдерімен, сусындармен және темекі өнімдерімен бөлшек сауда";
  3. ЭҚЖЖ 47.19 "мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек сауда";
  4. ЭҚЖЖ 47.91.0"тауарларға пошта арқылы немесе Интернет желісі арқылы тапсырыс беру арқылы бөлшек сауда";
  5. ЭҚЖЖ 68.20.3 "меншікті немесе жалға алынған сауда нарығын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару";
  6. Сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда, ЭҚЖЖ 68.20.4 "сауда қызметіндегі меншікті сауда жылжымайтын мүлікті және көпфункционалды кешендерді жалға алу және басқару";
  7. Сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда, ЭҚЖЖ 68.20.5 "сауда қызметінде жалға алынатын сауда жылжымайтын мүлікті және жалға алынған көпфункционалды кешендерді жалдау (қосалқы жалдау) және басқару".

 

Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен ішкі саудадағы жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшінін республикалық бюджеттен 2024 жылға 4 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданды.  «Даму» Қорымен қаражат аудару туралы шартқа қол қойылды.

Мемлекеттік қолдау шаралары 2 түрлі тәсіл арқылы көрсетіледі:

Біріншісі – несие мөлшерлемесін субсидиялау;

Екіншісі – несиеге кепіл болу.

Субсидиялау мерзімі - инвестициялық мақсаттарға арналған жобалар  5 жылға дейін,  айналым қаражатын толықтыру үшін 3 жылға дейін.

Жалпы мемлекеттік қолдау шаралары 4 түрлі мақсатқа бағытталған. Олар:

  1. Сауда базарларын жаңғыру үшін;
  2. Сауда объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау үшін:
  3. Үй жанынан дүкен салу үшін
  4. Осы салада IT бағдарламалар жасау үшін.

Сондай-ақ бағдарламаның шарты бойынша сауда нысандарына қатысты жобаларын облыс орталықтарында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге берілетін максималды сома – 3 млрд. теңге. Ал жобаны моноқалаларда немесе ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратындар үшін берілетін максималды сома – 1,5 млрд.теңге

Айта кету керек, моно - және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде ЭҚЖЖ бойынша шектеусіз барлық сауда-саттыққа қолдау көрсетіледі (46 "Автомобильдер мен мотоциклдер саудасын қоспағанда, көтерме сауда" және ЭҚЖЖ 47 "автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда").

 

Мемлекеттік қолдау алу үшін кәсіпкер несие рәсімдеу  үшін екінші деңгейдегі банкке, сондай-ақ "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры"АҚ-ға жүгінуі қажет. Несие алғаннан кейін, барлық шарттарға сәйкес болған кезде сыйақы мөлшерлемесінің 10,75% -  мемлекет субсидиялайды, ал айырмашылықты Ішкі сауда субъектісі төлейді (бүгінгі күні ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, кәсіпкер 8-8,5%, 10,75% - мемлекет төлейді).

Несие алуға кепіл жетпеген жағдайда ішкі сауда субъектілері кредиттерге кепілдік беру түріндегі құралды пайдалана алады:

  • Жұмыс істеп тұрған субъектілер үшін – 50 % дейін:
  • Жұмысын енді бастаған, құрылғанына 3 жыл толмаған нысандар үшін кредит сомасының 85% - ына дейін несиеге кепіл болады.

 

Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы жүзеге асады. Қазіргі күні Сауда комитеті өңірлерде мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы бағдарламаға қатысамын деген жеке кәсіпкерлер  Сауда комитетінің барлық өңірлердегі Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттеріне жүгінуге болады.

Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережесінде қолдау шараларына ие болған жеке кәсіпкерлер үшін қарсы міндеттемелер қарастырылған. Мемлекеттік қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің 20 пайызын отандық азық-түлік өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі керек. Жалпы Ішкі сауда ережесінде көрсетілген «сауда сөресінің 30 пайызы отандық азық-түлік өнімдерін өндушілердің үлесіне берілуі керек» деген міндеттемені қосатын болса, бұл көлем 50 пайызға жетеді. Сондай-ақ қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің тағы 20 пайызын отандық азық-түлік емес  өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі қажет.

Жоғарыда аталған Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау -  экономикалық белсенділіктің өсуіне, әлеуметтік салаға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ сауда инфрақұрылымын дамытуға оң әсер етеді

 

Назарларыңызға рахмет! Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

 

 

Дата публикации
09 октября 2024
Дата обновления
09 октября 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Баяндама
09 октября 2024
ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы А.А.Әбілдабековтың ОКҚ-дағы Брифингке арналған сауда субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөз сөйлеуі
Біз туралы БАҚ
09 октября 2024
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау
13 марта 2024
Сауда қызметін реттеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы