Жиі қойылатын сұрақтар
Кондоминиума объектісін басқаруда барлық шешім меншік иелерінің жалпы жиналысымен шешіледі.
ПИК-ті тіркеу (қайта тіркеу) ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару үшін кондоминиум объектісін басқарудың мынадай нысандарының бірін:тікелей бірлесіп басқаруды немесе мүліктің меншік иелері бірлестігін таңдауға міндетті. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың саны отыз алтыдан аз көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқару жүзеге асырады.
Мысалы, құрылыс салушы үйді басқарушы компанияның басқаруына берді. Соған қарамастан, меншік иелері қоныстанғаннан кейін жиналыста Заңда көзделген басқару нысандарының бірін таңдауға құқылы.
Егер авариялық жағдай жалпыүй инженерлік жүйесінде бірінші ажырату құрылғысына дейін, сондай-ақ пәтердегі, тұрғын емес үй-жайдағы алғашқы түйіспелі қосылыстарға дейін орын алса, онда кондоминиум объектісін басқару органы немесе Басқару субъектісі бірлесіп жауапты болады. Егер апаттық жағдай пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың ішінде жалпыүйлік инженерлік жүйеге дейін болған жағдайда, онда пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі жауапты болады.
Қабылдау-тапсыру актісі бойынша кұрылыс салушы құжаттарды кондоминиум объектісін басқару нысанына немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісіне немесе тұрғын үй инспекциясына беруге міндетті.
Тұрғын үй көмегі - бұл тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерге кететін шығындардың бір бөлігін өтеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтәк төлем.
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 43) тармақшасына сәйкес тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем.
Мысалыға, отбасының орташа айлық табысы – 131 783 тг. * 5% (ӘАО шешімімен белгіленетін шекті рұқсат етілген шығындар үлесі) = 6 589 тг.
Айына коммунальды қызметтерге жұмсалатын шығын 18 408 теңге.
Есепке қабылданған шығындар сомасы – 16 872 тг. – 6 589 тг. = 10 283 тг. (айлық ТКС мөлшері)
10 283 тг. * 3 ай = 30 849 тг. (тоқсандық ТКС мөлшері)
Қосымша түсініктеме: МИО — жергілікті атқарушы орган, ал ЖП (немесе ТКС) — тұрғын үй көмегі.
Иә. Дизайн кодтарын бұзу құрылыс нормаларын бұзумен байланысты және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке жауапкершілік шарасы талап етілмейді, себебі ол ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабында қарастырылған.
Қолданыстағы АЖ (ГБИМ, e-PSD, eQurylys және т. б.) негізінде Бірыңғай ақпараттық жүйе құрылды және QPortal.kz мекенжайда орналасқан.
Қазіргі уақытта жүйеде салалық цифрлық жүйелер - МҚК ААЖ, сараптама порталы, Е-құрылыс сервистері қолжетімді.
QРortal арқылы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жобаларды сараптамаға қабылдау басталды.
Автоматтандырылған рұқсаттар тізілімі, жедел әрекет ету шарасы және «eQurylys» АЖ арқылы саланы цифрландыру енгізілуде. Объектілерді қабылдау кезеңінде бақылауды күшейту жоспарлануда. Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды көбейту қарастырылған.
Иә, қабылданған Құрылыс кодексінде қолданыстағы заңнама шеңберінде өзінің тиімділігін көрсеткен "Жедел ден қою шарасы" тетігі енгізілді.
Қадағалаудың бұл нысаны рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу және т.б.) айыруға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі – ҚМЖ) тоқтата тұра отырып, шұғыл шараларды қолдануға және бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Салынып жатқан объектілерге бақылауды күшейту мақсатында құрылыс саласындағы бақылау органдарының қатысуымен құрылыс кезеңдерін басынан бастап пайдалануға беруге дейін "Жоспарлы инспекциялау" тетігі қосымша енгізілді.
Сондай-ақ субъектіге (объектіге) бармай-ақ профилактикалық бақылау енгізілді.
Бұл тетік жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есептілігі, мәліметтері негізінде тұрақты камералдық бақылауды қамтамасыз етуге арналған.
Бұдан басқа, бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жедел шаралар қабылдай отырып, сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы бақылау органдарының құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жетілдірілді.
Бұдан басқа, құрылыс кодексінде мемлекеттік органдардың (МТК, ТЖ) объектіні пайдалануға дайын екендігі туралы қорытынды бере отырып, объектілерді қабылдауға міндетті қатысуы көзделген.
Заңнамалық өзгерістер мен инновациялар бүкіл құрылыс циклін — басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін үздіксіз мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді.