Жалпы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы
О комиссии
Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Тексеру комиссиясының Регламентіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.
Тексеру комиссиясы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, логотипі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тексеру комиссиясы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тексеру комиссиясының егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тексеру комиссиясы өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрықтарымен және Тексеру комиссиясының қаулыларымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.