
Қайнар ауылдық округі бойынша - 2 күрес залы, 2-спорт залы, 1-жаттығу залы, 1- бәйге алаңы, 1 - көкпар алаңы, 1- стадион бар.
Мемлекет басшысының бұқаралық спортпен шұғылданушы халықтың санын 35 пайызға дейін жеткізу туралы міндетін орындау мақсатында Қайнар ауылдық округінде “Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 спорт бойынша әдіскер-нұсқаушы беріліп, қазіргі уақытта ол ауылдық округте волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі және т.б. спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіп, аудандық біріншіліктеріне, спартакиадаларға ауылдық округ командаларын іріктеп қатыстырады.
Қайнар ауылының тумасы Нұрмамет Ақбаян атты қызымыз қашықтықта жылдамдыққа жүгіруден 9 жыл сақталған рекордты жаңартып, 2022 жылы рекордтар кітабына енді.
2022 жылы Астана қаласында өткен Республикалық қазақ күресінен Еркінбек Арай 3-орын алды.
Қазақстан Республикасының 40-44 жас арасында 2022 жылы өткен чемпионатында ауылымыздың жаттықтырушысы Жазықбаев Медет 1-орын алды.