Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы, № 01-0
Қызылорда облысының әкімдігі
Қызылорда облысы
379498
Жалпы біліктілік талаптары
D-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет Қаулыларының, облыс әкімінің өкім, шешімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім жұмысына басшылық, бөлімнің жұмысын үйлестіру жұмысты тиімді және нәтижелі ұйымдастыра білу.
Ауданда жалпыға бірдей орта білім беру жұмысын жетілдіру және мектептер мен бала бақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету, білім беру саласында жаңа технологияларды ұдайы енгізіп отыру, білім саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды жүйелі түрде жүргізу, мектеп бітірушілердің жоғарғы оқу орындарына түсуіне ықпал жасау. Білім беру мекемелерінің Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы мен басқа да заңнамалар талаптары негізінде жұмыс жасауын үйлестіру.
Білім беру мекемелері ғимараттарын жағдайына талдау жасау, тиісінше күрделі жөндеу, қайта салу немесе басқа да құжаттарды әзірлеу жұмыстарын жүргізу. Кәмелет толмағандар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мекемелермен шаралар ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.zhaishylykova@vmail.kz, g.zhaishylykova@korda.gov.kz
- Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс, құрылыс № 1
-
8/7242/40-11-91/7081/