Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы уақытына 06.04.2027 жылға дейін)
Ақжайық ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Бастапқы әскери дайындық
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Тарих
- Мәдениеттану
- Археология және этнология
- Шығыстану
- Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Кітапхана ісі
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Спорт менеджменті
- Тарих-Дінтану
Функционалды міндеттер
Өз функционалдық міндеттері шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуы барысындағы ұйымдастыру және бақылау жұмыстарын жүзеге асыру. Өз функционалдық міндеттеріне қатысты қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың ауылдық округтерде орындалуына талдау жүргізу және талдау-ақпараттық анықтамалар әзірлеу. Өз функционалдық міндеттеріне қатысты мемлекет басшысының, Үкіметтің заң актілерінің, облыс, аудан әкімдерінің, олардың орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Ауданда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы аумақтық бағдарламаларды дайындау, бекітуге ұсыну, орындалуын қамтамасыз ету. Ауданда ұлттық мәдениеттерді дамыту, сақтау, қамқорлыққа алу жұмыстарына жетекшілік ету. Мәдениет мекемелерінің негізгі қызметін, мәдени шараларды өткізуді қаржыландыруға, мәдениет игіліктерін сатып алуға бағытталған қаржының жұмсалуын бақылау.Тілдік ортада мемлекеттік тілдің басымдылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, тілдерді дамытудың өзекті мәселелері жөнінде шаралар өткізу, ұлттық-мәдени бірлестіктердің ана тілін жетілдіру мәселесі бойынша қызметтерді дамыту. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттар рәсімдеуде көмек көрсету. Аудандағы дене шынықтыру және спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту. Ауданда ұлттық және халықтық спорт түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, спорттық резервті дайындау жүйесін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлімнің тоқсандық, жылдық жұмыс кестесін құрып, оның ұтымды жүзеге асырылуын ұйымдастыру, басшылық ету. Бөлімде ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау; Өз құзыреті шегінде Ақжайық ауданы әкімі мен әкімдігі атынан олардың мүддесін соттарда және/немесе басқа да құқықтық органдарда қорғау, өкіл ретінде қатысу міндетті. Өз құзыреті шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын сақтау. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкесті Қазақстан Республикасы үкіметінің, облыс және аудан әкімінің шешімдері, өкімдерінің және облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларының орындалуын бақылайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.salieva@bko.gov.kz
- 22.05.2025
- Ақжайық ауданы әкімі аппараты. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй
-
8 (71136) 91-8-23