"Талсуат ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, E-G-4 (индексі № 26-4, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қызылорда қаласының әкімдігі

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

Е-G-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

E-G-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит

Функционалды міндеттер

1.Аппараттың бухгалтерлік есебін тиісті заңдылықтарға сәйкес жүргізу және қаржылық құжаттарды банкке дайындап, басшыларға қол қоюға ұсыну, бюджет жобасын бекітуге ұсыну, қаржыландыру жоспарын әзірлеу, аппарат қызметкерлерінің айлық жалақысын уақытылы аудару, сметада қаралған әр ерекшелік бойынша есептемелер дайындап, басшылардың қарауына ұсыну және тиісті мекемелермен жұмыс жасау.

2.Аппараттың теңгерімдік есептемелерін дайындау, материалдық құндылықтарын қадағалау, тиісті есептемелер мен түгендеулер жасап, комиссияға ұсыну;

  1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізіп, мәліметтерді интернет ресурсына орналастыру.

4.1-ГЗ есебін жүргізу, мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн туралы ақпарат ұсыну, мемлекеттік кірістер, қазынашылық және статистика органдарына тиісті есептерін ұсыну.

 

5.Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігіне келісім жасау.

6.Берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттары және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау.

7.Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Атқарылатын жұмыстардың бюджеттік өтінімін әзірлеп, жоғары тұрған әкімдікке ұсыну, орындалуын қадағалау.

9.Жетекшілік ететін салаларын дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

10.Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану.

11.Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.

  1. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;

13.Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің ауылдың (селоның), ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз ету.

  1. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін - өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын қаражатты есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотының ашылуын қамтамасыз ету.

15.Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілген, жергілікті өзін - өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекіту.

  1. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлеу және бекіту.

17.Басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)  бағаларын белгілеу.

18.Басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беру.

  1. Берілген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекіту.
  2. Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу.

21.Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін және ауылдық округтің экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру бойынша жиналатын салықтардың (жер, мүлік және көлік) есебін жүргізіп, бекітілген жоспарға сәйкес салықты жергілікті бюджетке түсіру.

  1. Жылжымайтын мүліктер (жер, мүлік) және көліктер есебін алып, мемлекеттік кірістер басқармасына салық есептемелерін шығартуға ұсыну.

23.Ауылдық округтің көлемінде салық жиналымын ұйымдастыру.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасау.
  2. Сот процесінде қаралып жатқан істер бойынша жұмыстар жүргізеді.
  3. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп – ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
  4. Азаматтық қорғаныс, өрт, техника қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
  5. Әскери міндеттілерді әскерге шақыруды ұйымдастыру.
  6. Прокурорлық қадағалау актілерімен жұмыс жасау.

30.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыстарды үйлестіру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.10.2024 – 01.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 200 МБ

Сұхбаттасу орны

120014, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16

Анықтама алу үшін байланыс

27-07-13