Алатау қаласы мәслихат аппаратының бас маманы, «индекс АМГА-2».
«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Функционалды міндеттер
«Депутаттық этика, өкілеттілік, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және
жұртшылықпен байланыс мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның
жұмысын ұйымдастыру.
Жылдық бюджеттік өтінімді, бюджеттік бағдарлама төлқұжатын, төлемдер
мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жан жақты жоспарын
құрастыру, жеке қаржыландыру жоспарына жыл бойында өзгерістер еңгізу.
Қаржылық және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есеп айырысу
операцияларын жүргізу, баланс жасау мен экономикалық талдауды жүзеге
асыру.
Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген
рұқсаттар шегінде қабылданған міндеттемелерге, белгіленген тәртіппен
еңгізілген өзгерістерді ескере отыра, бекітілген бюджеттік бағдарлама
төлқұжаты мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес
қаражаттың дұрыс, тиімді және нысаналы жұмсалуына, сондай-ақ ақша
қаражаты мен материалдық құңдылықтардың сақталуына бақылау жасау.
Мемлекеттік сатып алу бойынша қызметтер жүргізу.
Ұйымдық және көбейту техникасын, компьютерлерді, босалқы бөлшектерді,
жабдықтау және шығын материалдарын, кеңсе тауарларын алу, бланк
өнімдерін даярлау.
Ақша қаражатына, есептемелер мен материалдық құндылықтарға түгендеу
жүргізуге қатысу, түгендеу нәтижесін өз уақытында және дұрыс анықтау
және оларды есепте көрсету.
Белгіленген мерзімде бухгалтерлік есепті құрастыру мен тапсыру.
Аппаратының барлық бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының
дұрыс және уақытылы игерілуіне үнемі бақылау жүргізу.
Материалдық құндылықтарды сақтау және оларды есептен шығаруды
бақылайды және қатаң есеп жүргізуді қамтамасыз ету.
Аппаратты күту үшін коммуналдық қызмет, тауарлар, жұмыстар және басқа
да қызметтерге уақытылы төлем жүргізу.
Барлық мемориалдық журнал-ордерді жүргізу.
Аппарат қызметкерлеріне, техникалық персоналға еңбек ақыларын, еңбекке
жарамсыздық парақтарын, демалыс және сауықтыру жәрдемақыларын
уақтылы және толық есептеуді және аударуды қамтамасыз ету. Зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды мемлекеттік қорғау, жеке
тұлғалардан алынатын табыс салықтарын және әлеуметтік салықтарды
мемлекеттік қор басқармасына уақтылы және толық есепке жазуды және
аударуды қамтамасыз ету.
Мерзімдік басылымға жазылуды ұйымдастыру.
Өз құзыреті шегінде басқа да міндеттерді атқару. «B» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Алатау қаласы, Жетіген ықшам ауданы, Ж.Құдайбергенов көшесі №2 ғимараты
-
+7(72752)50-5-98