"Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бас маманы, E-R-4, № 01
Мәртөк ауданы әкімдігі
Ақтөбе облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Философия
- Филология
- Дінтану
- Шығыстану
- Теология
- Түркітану
- Құқықтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Қоғамдық байланыс
- Тарих-Дінтану
Функционалды міндеттер
Өзіне жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауап береді. Ауданда саяси партиялармен, үкіметтік емес және діни ұйымдармен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан деңгейіндегі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырмасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіру. Мемлекеттік ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық насихат жұмыстарын медиа-жоспарлауды жүзеге асыру және оны үйлестіру. Аудан бойынша баспасөзге жазылуды жоспарлау және ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын тіркеп, орындалуын қадағалайды. Мемлекеттік рәміздердің Ұлттық стандарт талаптарына сай орналастыруына әдістемелік көмек көрсету және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия жұмысын ұйымдастыру. Өңірлік деңгейде этносаралық салада мемлекеттік саясатты іске асыру. Аудандағы «Жастар саясаты» бағдарламасының орындалуын қадағалау. Бөлім ережесінде айқындалған өзгеде міндеттердің орындалуына жауапты.
(Блок В)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.imaniyazova@aktobe.gov.kz
- "Мәртөк ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылы Сейфуллин көшесі 36
-
8/71331/21655