«Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржы саласы жөніндегі жетекші маман (есепші) (санаты Е-G-4, 1 бірлік, №07-04)

Мемлекеттік орган

Шиелі ауданының әкімдігі

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

Е-G-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

181109

Жалпы біліктілік талаптары

E-G-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

        Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан, ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру. Ауыл әкімі аппараты құрылымына ақы төлеудің бөлінген қоры шегінде аппарат қызметкерлеріне қызметтік жалақылар, қосылатын үстем ақылардағы өзгерістерді енгізу және есептеу, келісім шартқа отырған мекемелермен өзара есептесу, қаржы-экономикалық, бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есеп беруді әзірлейді және уақтылы өткізуді қамтамасыз етеді. Әкім аппаратының теңгеріміндегі мүліктердің есебін жасап, жыл сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды. Ауыл әкімдігіне қарасты коммуналдық меншіктегі дүние мүліктердің есебін жүргізу. Мекеменің қызметі туралы оның мүліктік жағдайы кірістері мен шығыстары туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және орындауды жүзеге асыру. Мүлікті, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, түсетін негізгі құрал-жабдықтарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражатты есептеуді, шоттарда қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларының уақтылы көрінуін, өндіріс шығыстары мен тыйым салуды есепке алуды, шығыстар сметасының орындалуын, өнімнің сатылуын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуын, ұйым қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін, сондай-ақ қаржы, есептеу және кредит операцияларын ұйымдастыру. Бюджет қаржысына салынған  әлеуметтік нысандардың, автожолдардың, түнгі жарықшамдардың және барлық нысандардың есепке алынуын ұйымдастыру. Тозығы жеткен есептегі мүліктердің шығарылуын қамтамасыз ету. Теңгерімге алынған мүліктерге байланысты тиісті бөлімдермен есептесіп отыру. Ауыл әкіміне қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің теңгеріміндегі мүліктердің есебін жүргізу, қаржы бөлімі арқылы есепке алу, қолданысқа беру, пайдалануын бақылау. Иесіз деп танылған мүліктерді есепке алу, тиісті құжаттарын рәсімдеу, қаржыландыруға ұсыну. Материалдық емес активтер өзге де қысқа мерзімдегі активтің есебін алу.

         Арнайы есепшотқа түсетін қаржылардың есебін жүргізу, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, жобаларға жұмсалуын ұйымдастыру, хаттамаларын әзірлеп бекіту. Жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуді ұйымдастыру. Қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, қаралуға тиісті ұсыныстарды талқылауды ұйымдастыру. Қоғамдастық мүшесі ретінде сайланған тұрғындармен бірлесіп жұмыстар жасау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын дайындап, веб порталға енгізу  және есебін беру. Саласына қарай азаматтардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.08.2023 – 07.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 14 МБ

Сұхбаттасу орны

поселок Шиели, ул. Т.Рыскулов 6

Анықтама алу үшін байланыс

 8 (724-32) 79 102 (37-17)