Кентау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Кентау қаласы әкімдігінің аппараты

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

E-R-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Көлік қызметтері
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)

Функционалды міндеттер

Бас маман біліктілік талаптарына сәйкес функционалдық міндеттерін орындайды;

Қаланың  автомобиль жолдары саласы бойынша жұмыстарды орындайды және қадағалайды, орындалған жұмыстарды қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады, сәйкестілігімен сапасына зерттеу жүргізіп, куәландырады;

Бөлім басшысына қаланың автомобиль көлік жолдары саласын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді;

Қаладағы жолдардың қысқы дайындық жұмыстарын ұйымдастыруды қадағалайды;

Транспорттық инфрақұрылымды дамытуда ұсыныстар енгізеді;

Барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелермен жол саласы бойынша келісім-шарт міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

Бекітілген қала көшелерінің  инфрақұрылымның құрылысы құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

Қала көлемінде орналастырылған жол белгілерінің, жол таңбаларына қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді;

Жергілікті және мемлекеттік маңызы бар автокөлік жолдары және басқа мүліктерді күтіп ұстау, дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;

Жол қазу жұмыстарына ордер беру мен қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесіне шара көреді;

 Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыруға ұсыныс әзірлейді;

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы», Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы», Қазақстан Республикасының Автомобиль жолдары Заңдарына сәйкес жұмыс жүргізу;

Бөлімге қатысты облыс және қала әкімдігі қаулыларының, облыс және қала әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің, облыс және қала әкімдерінің, облыс және қала әкімі орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларын уақытылы орындайды, орындалуы туралы мәліметті дайындап тиісті органдарға жолдайды. Сонымен қатар, бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларын түзеді және орындалуын қадағалап, қамтамасыз етеді;

Жоғарыдан келіп түскен тапсырмаларға, облыстық және жергілікті деңгейлерден келген хат-хабарларға уақтылы әрі сапалы жауап беруді қамтамасыз ету;

Жылдық, тоқсандық есептерді дайындайды;

Қала бойынша жарнама саласының жұмысын ұйымдастырып, есептілікті салық органына тапсырады;

Бөлім басшысы қызмет бабы бойынша берген тапсырмаларын уақытылы орындайды, орындалуы бойынша есеп береді;

 

Блок "А"

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2023 – 06.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

11.09.2023

Сұхбаттасу орны

Кентау қаласы, Ясауи даңғылы №87

Анықтама алу үшін байланыс

8(72536)5-96-21