Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Құрметті азаматтар, сарапшылар және мемлекеттік қызметшілер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сізді мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмысқа қатысуға шақырады.
Бөлімнің мақсаты - мемлекеттік қызметтердің ыңғайлылығын, қолжетімділігін, ашықтығы мен тиімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды жинау, талдау және енгізу үшін ашық алаң құру. Біз мемлекетпен өзара іс-қимылды барынша жайлы және азаматтар мен бизнестің қажеттіліктеріне бағдарланған етуге тырысамыз.
Сіздің практикалық тәжірибеңіз, ескертулеріңіз бен идеяларыңыз қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңа, заманауи тәсілдерді енгізу үшін үлкен маңызға ие.
Әрбір ұсыныс азаматтар мен ұйымдарға қолжетімді сервистерді жақсарту жөніндегі жұмыста мұқият қаралып, ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметтерді дамытуға белсенді қатысқаныңыз және қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз!