Мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар

Құрметті азаматтар, сарапшылар және мемлекеттік қызметшілер!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сізді өз идеяларыңыз және бастамаларыңызды жинауға арналған бөлімде қарсы алады.

Бұл бөлімнің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды жинау, жүйелеу және талдау үшін ыңғайлы құрал жасау. Біз қоғамның ашықтығы мен мемлекеттік басқару процестеріне тартылуын арттыру үшін өзекті мәселелерді анықтауға және сындарлы шешімдерді қалыптастыруға тырысамыз.

Сіздің тәжірибеңіз, біліміңіз және көзқарасыңыз мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту және жаңғырту үшін құнды ресурс болып табылады.

Әрбір ұсынысыңыз мұқият қарастырылады. Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз!