Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды.
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды.
Орта басшы құрамы бойынша:
-Қызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, С-SSP-8 санаты бойынша;
-Қызылорда қаласы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі, C-SVR-8 санаты бойынша;
-Жалағаш ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, C-SVR-8 санаты бойынша;
-Сырдария ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, C-SVR-8 санаты бойынша;
Қатардағы және кіші басшы құрамы бойынша:
- Қызылорда облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы
жасағының полицей-жүргізушісі, C-SV-12***бойынша;
Іріктеуге қатысуға ниет білдірушілерге қойылатын негізгі талаптар:
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы (орта басшы құрамы бойынша), денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы /әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды/;
Жасы - 35-тен аспаған, бойы - кемінде 170 см,
- С-SSP-8 санаты бойынша (қызмет инспекторы) міндетті түрде Қарулы Күштер қатарында болған азаматтар /Білімі – жоғары және арнаулы орта: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Көлік тасымалдауларын, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру/. Міндетті түрде автокөлікті жүргізу куәліктері болуы тиіс.
- С-SVR-8 санаты бойынша (тергеу бөліністері) /Білімі – жоғары: Заңтану, Құқық қорғау қызметі/.
- С-SVR-8 санаты бойынша (отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөліністері) /Білімі – жоғары: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Педагогика және психология/.
- C-SV-12*** санаты бойынша міндетті түрде Қарулы Күштер қатарында болған азаматтар /Білімі- арнайы орта білім/. Міндетті түрде В, В1, С, және С1 санаттары бар автокөлікті жүргізу куәліктері болуы тиіс.
Іріктеуіге қатысу үшін құжаттар «Qyzmet-Police.kz» цифрлық платформасына тіркелу арқылы 2026 жылғы 23 – 27 қараша аралығында қабылданады.
Байланыс телефоны 8/72-42-/29-50-87.
Қызылорда облысы ПД
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы
44
18 қараша 2026 17:04
18 қараша 2026