Семинар барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ білім беру ұйымдары қызметіне қойылатын өзекті біліктілік талаптары талқыланды.
Талқылауға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және кафедра меңгерушілері қатысты. Семинар барысында магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілерді тағайындау, оқытушылардың базалық білімінің және ғылыми дәрежесінің оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі, біліктілікті арттыру және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар мемлекеттік бақылауды жоспарлау және жүргізу, білім сапасын сыртқы бағалау, бақылау жүйесін автоматтандыру және «Таза парақтан реттеу» саясаты аясында енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында қатысушылар білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын қолдануға қатысты сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік бақылау барысында туындайтын мәселелердің алдын алуға және білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталды.
2026 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ҚР ІІМ Қарағанды академиясының базасында «Әскери арнаулы оқу орындарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіру: заңнама, білім беру сапасы, ғылым және даму перспективалары» тақырыбында ведомствоаралық әдістемелік семинар өткізді.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ барлық әскери арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысты.
Семинарды өткізудің негізгі мақсаты — жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша бірыңғай кәсіби тәсілді қалыптастыру, білім беру процесінің сапасын арттыру, сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, сондай-ақ әскери арнаулы оқу орындарын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылау.
Семинардың пленарлық отырысы барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің әскери арнаулы оқу орындарының қызметіне қойылатын заманауи талаптары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері, құқық қолдану практикасының өзекті проблемалары және оларды шешудің ықтимал жолдары қарастырылды.
Негізгі баяндамамен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары А.Ж. Еділханов сөз сөйлеп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдірудің негізгі бағыттарын атап өтті және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға ерекше назар аударды.
Семинар барысында бақылау іс-шараларының нәтижелеріне және жиі анықталатын бұзушылықтарға, олардың себептері мен ықтимал салдарына, сондай-ақ оларды жою және алдын алу жөніндегі практикалық шараларға ерекше назар аударылды.
Сарапшылар анықталған бұзушылықтардың негізгі бағыттары бойынша тақырыптық баяндамалар ұсынды:
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарының бұзылуы: себептері, салдары және алдын алу шаралары» — Б.Ж. Джангазиева, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
«Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібіне қойылатын талаптардың бұзылуы» — А.А. Бейсенова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті; «Профессор-оқытушылар құрамына қойылатын біліктілік талаптарының бұзылуы»— Г.К. Лухманова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
«Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасауға қойылатын біліктілік талаптарының бұзылуы» — А.А. Чугунова, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.
Сарапшылардың баяндамалары барысында семинарға қатысушылар заңнама талаптарын іске асыру кезінде туындайтын типтік практикалық жағдайларды қарастырып, анықталатын бұзушылықтардың себептері мен олардың мамандарды даярлау сапасына ықпал ету тәуекелдерін талқылады. Әлеуетті тәуекелдерді уақтылы анықтау, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру және превентивті шараларды қабылдау қажеттілігіне ерекше мән берілді.
Семинардың қорытынды бөлімі «Білім беру саласындағы заңнаманы іске асыру кезіндегі әскери арнаулы оқу орындары қызметінің өзекті проблемалық мәселелері» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа арналды. Пікірталасқа барлық әскери арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысты.
Ашық кәсіби диалог форматында қатысушылар нормативтік талаптарды практикада іске асыру, әскери арнаулы оқу орындарында білім беру қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері, кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз ету және ғылыми қызметті дамыту мәселелерін талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың, тәжірибе алмасудың және бірыңғай тәсілдерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай әдістемелік іс-шараларды өткізу сарапшылар қауымдастығы мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында кәсіби диалог орнатуға тиімді алаң қалыптастырады, озық тәжірибелерді таратуға ықпал етеді және заңнамадағы өзгерістер мен кадрлар даярлау сапасына қойылатын заманауи талаптарға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Ведомствоаралық әдістемелік семинар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және барлық мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы) мемлекеттік аттестаттау өткізілді
Қолданыстағы заңнамамен жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкестігін айқындау, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау мақсатында білім беру ұйымдарын 5 (жылда) бір рет мемлекеттік аттестаттау нормалары көзделген.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабына сәйкес, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
Білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткен не өтпеген деп танылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 206 бұйрығымен бекітілген Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларының негізінде, ағымдағы жылдың мамыр айында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы) мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
Нәтижесінде, білім беру қызметін кешенді бағалауды жүргізген аттестаттау комиссиясының қорытындысының негізінде, Комитеттің 2026 жылғы 1 маусымдағы №394 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі 5 (бес) жыл мерзімге «мемлекеттік аттестаттаудан өтті» деп танылды.
Білім беру ұйымы басшылығына білім беру қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруды ұдайы қамтамасыз ету жүктелді.
2026 жылғы 28 сәуірде ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми редакторлар кеңесі және Қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен Astana IT University базасында «Қазақстандық басылымдардың тәжірибесі: практикалық кейстер мен ұсынымдар» атты ғылыми журналдардың редакторларына арналған семинар ұйымдастырды. Семинарға 100-ден астам адам қатысты.
Спикер ретінде Scopusта индекстелетін жетекші қазақстандық журналдар редакторлары баяндама жасады. Олар журналды деректер базасына дайындағанда оны дамыту және жетілдіру, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын редакциялық үдерістерде пайдалану тәжірибелерімен бөлісті.
2026 жылғы 11 наурызда Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті базасында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары А.Ж. Еділханов Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдерімен семинар өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілетін өзгерістер талқыланды.
Талқылауға университет атынан Басқарма мүшелері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты. Семинар барысында магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілерді тағайындау, базалық білімнің және ғылыми дәреженің оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі, инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру және басқа да мәселелер қарастырылды.
Сондай-ақ бұрын алынған білім мен біліктіліктердің, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардың өзара сәйкестігін айқындайтын кестені әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныс айтылды.
2026 жылдың 20 қаңтарында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен бірлесіп Қазақстанның ғылыми журналдарының болашағына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты ғылыми мерзімді басылымдарды дамытудың өзекті мәселелерін кешенді талқылау болды: редакциялық саясаттың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуден бастап, әлемдік ғылыми ақпараттық кеңістікке тиімді интеграциялау стратегияларын әзірлеуге дейін.
Талқылау келесі негізгі тақырыптар аясында жүргізілді:
Стратегиялық сессия: «ҚР ғылыми журналдарының сапа стандарттары, аналитика және халықаралық көрінетіндігі».
Тақырыптық сессия: «ҚР Ғылыми журналдарын дамытудың заманауи тәжірибелері мен стратегиялары».
Дөңгелек үстел: «Экономика саласындағы ғылыми журналдарды дамытудың өзекті мәселелері: тәжірибе және құралдар».
Ғылыми пікіралмасуға жетекші сарапшылар, конақ спикерлер, ғылыми журналдардың бас редакторлары, сондай-ақ Қазақстан бойынша академиялық коммуникацияны дамытуға қызығушылық танытқан барлық тұлғалар қатысты.
Семинардың бағдарламасы, материалдары және спикерлері туралы толық ақпарат арнайы бетте қолжетімді:
2Астанада жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тақырыптық сессия өтті.
«Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» форумы аясында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын мемлекеттік реттеу жүйесінің сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру» тақырыптық сессиясы өтті.
Іс-шара Назарбаев университетінің алаңында өтті және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының академиялық жұмыс жөніндегі проректорларын, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның бейінді бөлімшелерінің басшыларын біріктірді. Тақырыптық сессияны ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары А.Ж. Еділханов ашып, модерациялап, талқыланатын мәселелердің өзектілігін және білім беру сапасын қамтамасыз етуге жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтті.
Сессия барысында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін дамытудың, мемлекеттік бақылау мен тәуекелдерді басқарудың, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында заманауи реттеу құралдарын енгізудің негізгі бағыттары қаралды. Maqsut Narikbayev University провосты А. Б. Ибраева университеттің сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесін құру және дамыту бойынша тәжірибесін ұсынды.
Мемлекеттік бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесі мәселелерін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өкілі атап өтті.
Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстары шеңберінде ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға өтінімдер берудің әдіснамалық негіздеріне ерекше назар аударылды. Аталған тақырыпта Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының төрағасы А. Ж. Бибосинов баяндама жасады.
Үзілістен кейін қатысушылар ҚР ҰҚК Академиясының мысалында ведомстволық жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне заманауи оқыту технологияларын енгізу ерекшеліктерін талқылады. Тиісті баяндаманы ӘАОО қауымдастығының төрағасы, ҚР ҰҚК Академиясының бастығы, генерал-майор А. Г. Мұқашев ұсынды.
Сондай-ақ, сессия шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарындағы негізгі инновациялар қаралды, желілік білім беру бағдарламалары мен екі біліктілік бағдарламаларын (МГИМО) іске асыру тәжірибесі, сондай-ақ инженерлік бағдарламаларды мамандандырылған аккредиттеу мәселелері және олардың тиімділігін дәлелдеу ұсынылды. Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибені ASIIN аккредиттеу агенттігінің директоры I. Wasser ұсынды.
Тақырыптық сессияның қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік реттеу тетіктерін одан әрі жетілдіру, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерінің рөлін күшейту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті.
Презентациялар:
15-16 қаңтарда Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Nazarbayev University ұйымдастыруымен «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» атты форум өтті.
Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Ауқымды іс-шара жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын, халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ білім беру сапасын аккредиттеу және бағалау саласындағы мамандарды біріктірді.
Форумның алғашқы күні QAA, ASIIN және IAAR аккредиттеу агенттіктерінің қатысуымен халықаралық воркшоптар өтті. Қатысушылар университеттерді халықаралық аккредиттеуге дайындау, cапа мәдениетін қалыптастыру және білім беру қызметтерінің экспортын дамыту мәселелерін талқылады.
Екінші күні PhD докторанттардың зерттеу қызметі нәтижелерінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілдеріне, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін дамытуға және жетілдіруге, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын реттеу және рұқсат беру саясаты мәселелеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті.
Форумның басты оқиғасы жоғары білім мен ғылымның сапасын қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына, сондай-ақ қазіргі заманғы технологиялық және нормативтік өзгерістердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласына әсеріне арналған пленарлық отырыс болды.
Қорытындылай келе, қатысушылар сапаны қамтамасыз ету тетіктерін одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ұлттық жүйесіне үздік шетелдік тәжірибелерді енгізу қажеттігін атап өтті.
2025 жылғы 20 қазанда ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Астана» медициналық университетінің базасында Қазақстан Республикасында медициналық журналдарды дамыту заманауи сын-қатерлер мен перспективалар» атты дөңгелек үстел өткізді
Дөңгелек үстелге медициналық ғылыми журналдардың бас және шығарушы редакторлары қатысты
Спикерлер ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі В.В. Койков ҚР ҰӘҚ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті басқармасының басшысы К. Ж. Сакенова, медициналық журналдардың бас редакторлары В. Н Локшин А. Э. Гайпов М. Н Мусин сөз сөйледі
Дөңгелек үстелде ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін, медициналық ғылыми журналдардың қазіргі жай-күйін жариялау, редакторлық мәдениетті қалыптастыру, журналды трансформациялау үшін уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіндегі басылымдардың сапасы туралы мәселелер талқыланды А. Э. Гайпов пен В. Н Локшин Scopus дерекқорына енгізу бойынша өздерінің ғылыми журналдарын дайындау тәжірибесімен бөлісті
«Экономика: стратегия және практика» журналы Scopus мәліметтер базасына кірді, экономика бойынша алғашқы журнал. Журналды Экономика институты шығарады Әріптестерімізді құттықтаймыз және одан әрі көрегендік тілейміз
Толығырақ сайтта танысуға болады: https://www.lens.org/lens/search/scholar/list?sourceTitle.must=The%20economy:%20strategy%20and%20practice