С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «8D06101-Үлкен деректер аналитикасы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Бабыр Темірбекұлы Рзаевтың «Data Mining технологиясын қолдану негізінде желімен тасымалданған деректерден зиянды трафикті анықтау және бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өтеді.