Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті 8D09102 – «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Байменов Бахит Муратовичтің «Мультиплексті полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тамақ өнімдердегі Staphylococcus aureus және бактерияларға қарсы препараттарға төзімділіктің генетикалық маркерлерін анықтау» тақырыбына диссертациясының қорғауы өтеді.