ПРЕСС-РЕЛИЗ к проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия незаконному обороту наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров»

Аталған Заң жобасын есірткі құралдары, психотроптық заттар және оның прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен ІІМ әзірледі.

Заң жобасы Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерге және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне, сонымен қатар «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» ҚР заңдарына да өзгерістер енгізеді.

Заң жобасының ішінде:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы күшті әсер ететін заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікпен толықтырылады;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 303-бабы міндеттеріне осындай ережелерді сақтау кіретін тұлғалардың прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттармен жұмыс жасау ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікпен толықтырылады;

3) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 174-бабына есірткі заттарын пайдалану салдарынан мәжбүрлі емдеуден өткен тұлғалар емханадан шыққаннан кейін динамикалық бақылауда болады және ол жерде денсаулығын нығайтып тұруға міндетті деген өзгеріс енгізілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2024 жылғы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында есірткі құралдарын өндіруді аса ауыр қылмыстарға теңестіре отырып, ол үшін жауапкершілікті барынша қатаңдатуды тапсырды.

Осыған байланысты:

- есірткіні заңсыз өндіруді аса қауіпті қылмыс түріне теңестіріп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жазаны қолдану туралы;

- қылмыстық топ құрамында, аса ірі көлемде деген сияқты біліктілік белгілерін толықтыра отырып, құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті (ҚК-нің 300-бабы) күшейту туралы түзетулерге бастама жасады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы курьерлердің (есірткіні жасырушылардың) сараланған жауапкершілігі туралы мәселені пысықтауды тапсырды.

Атап айтқанда, заң жобасында есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындауды, қайта өңдеуді, өңдіруді 297-1 баппен жеке бөлу ұсынылады (бас бостандығын 15 жылдан 20 жылға дейін айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру).

Сонымен қатар, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын (бұрын бес жылдан он жылға дейін болған). Сол тектес ірі көлемде жасалған іс-әрекеттер үшін бас бостандығын 6 жылдан 10 жылға дейін айыру ұсынылады (бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін болған).

Бұдан басқа, лауазымды адамның қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасаған сол тектес іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейту он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды айқындау арқылы ұсынылады (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған).

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) интернет порталында танысуға болады (legalacts.egov.kz).

Сіздерді осы Заңды жария талқылауға қатысуға шақырамыз.