«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірледі.

     Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес дайындалды.    

     Әзірленіп жатқан үкіметаралық Келісімнің мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасының құзыретті органдары арасында ұйымдасқан қылмыстың, атап айтқанда есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға, сондай-ақ қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы күрес саласындағы тиімді өзара іс-қимылдың құқықтық тетігін қалыптастыру. 

     Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді, өйткені, егер өзге тәртіп келісілмесе, Тараптардың әрқайсысы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды дербес көтереді (5-бап). 

     Келісімді іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе экологиялық салдарға әкеп соқпайды және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді. 

     Жоба мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.