«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Ішкі істер министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларына өзгерістер енгізуге бағытталған бұйрықтың жобасын дайындалды.
Бұйрық жобасы «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді, оған сәйкес ӘАОО-ға ҚР ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту құзырет берілді.
Жобаның мақсаты – Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын қазіргі заманғы стандарттарға келтіру арқылы ведомстволық білім берудің білім беру саясаты жүйесін жетілдіру. Жобада ІІМ жоғары оқу орындары мен оқу орталықтарының қызметін реттейтін стандарттар, «академиялық саясат» ұғымы енгізіледі, ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету талаптары, магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғау тәртібі бойынша нормалар енгізіледі.
Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.
Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.