«Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдері қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба «Жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 3 қазандағы Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобаның мақсаты "техникалық байқау операторларының тізілімін" 11-1-тармақтың 2) тармақшасынан алып тастау болып табылады, себебі көлік саласындағы уәкілетті органның құзыретінен осы тізілімді жүргізу жөніндегі функция алынып тасталды.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны іске асыру қаржылық шығынды қажет етпейді.