«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Ішкі істер министрінің бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, Заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Заңға қол қойды.
Атап айтқанда, «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысының күші жойылды.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігімен «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Ішкі істер министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Жобаның мақсаты «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру (сілтемелерді нақтылау), редакциялық сипаттағы өзгерістер, сондай-ақ 1 (формуляр үлгісі) және 2 (Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібі) қосымшаларымен толықтырулар болып табылады.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.