«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жобаның мақсаты Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құрудың, жүргізудің және пайдаланудың қолданыстағы қағидаларын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру болып табылады, оларға «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жоба шеңберінде «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығының Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларының 13-тармағы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларының 10-тармағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне» атты 14) тармақшаларымен толықтырылады.».
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.