«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізуге бағытталған бұйрықтың жобасын дайындады.

Бұйрықтың жобасы ӘАОО-да білім алудың нысандары мен технологияларын анықтау бойынша құзыреті берілген ҚР «Білім  туралы» Заңының 5-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

 Жобаның мақсаты – әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын қазіргі заманғы стандарттарға келтіру арқылы ведомстволық білім берудің білім беру саясаты жүйесін жетілдіру.

Жобада білім алушылардың оқу жетістіктерін  есепке алу жүйесін, апелляциялық комиссиялардың қызметін және транскриптерді беру тәртібін реттейтін нормалар енгізіледі.

 Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында танысуға болады.

Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты