«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

          Келісімнің мақсаты - ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, әрбір мемлекеттің аумағында жүрген  адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін жасау.

Келісімді ратификациялау ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, олардың аумағында жүрген  адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының  Үкіметі арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз жасайды, сондай-ақ реттелетін салада ынтымақтастық тетігін жасауға және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық шартқа 2024 жылғы 5-қарашада Мемлекет басшысының Францияға сапары шеңберінде қол қойылды.

          Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

          Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.