«Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Ішкі істер министрлігінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ІІМ 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына енгізілетін толықтырулар «тергеу изоляторлары» деген терминді және тиісінше «ТИ» аббревиатурасын алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілуде.

Осылайша, енгізілген өзгерістер қамаққа алу және қамаққа алынған сотталғандарды ұстау түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыру құзыретін ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарына беруді көздейді.