«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасы мынадай түзетулерді көздейді:
- «Тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы (болмауы) туралы ақпарат беру» жаңа мемлекеттік қызметімен толықтырылады. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 жылы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына енгізілген толықтырулар негізі болып табылады.
- 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» күш жойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2024 жылғы 30 қыркүйектегi № 730 «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Ішкі істер министрінің бұйрығымен сілтемесі өзгеруде.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе өзге де құқықтық салдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны іске асыру қаржылық шығындар талап етпейді.