«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 119-бабына сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру Бас прокуратурамен келісім бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатыны туралы норманы көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Осыған байланысты «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Қызмет бағыты