«Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 112-ө («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы») өкімін іске асыру мақсатында «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының мақсаты «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» (күнтізбелік 20 күннен 12 жұмыс күніне дейін) және «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» (20 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейін) мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру және мерзімдерін қысқарту, заң техникасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрық жобасының мәтінімен https://mvd.gov.kz сайтында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz танысуға болады.
Сізден осы Бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуды сұраймыз.