«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істері министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба «Қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1179 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жобаның мақсаты ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесінен қызметі бойынша ауыстырылған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы Үкіметтің шешімімен регламенттелмеген лауазымдарды алып тастау.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.