«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Астана қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімдерімен елордада жаңа «Сарайшық» ауданы құрылды.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасында (бұдан әрі Жоба) астананың жаңа ауданының аумағында Астана қаласы Полиция департаменті «Сарайшық» ауданының полиция басқармасын құру көзделеді.

Жоба шеңберінде ІІМ Үкіметтің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Министрліктің аумақтық органдарының тізбесіне тиісті түзетулер енгізеді.

Сонымен қатар Жобада «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңда айқындалған Ішкі істер министрінің өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде Сарыағаш ауданының полиция бөлімін Басқармаға өзгертуге байланысты көрсетілген тізбеге түзету көзделеді.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

          Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.