«Ішкі істер органдары полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы мүлкінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 940 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жаңа үлгідегі нысанды киімді енгізу қорытындылары бойынша аумақтық бөліністерден келіп түскен ұсыныстар негізінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы мүлкінің тиесілі заттай нормалары бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасы әзірленді.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру мақсатында жобада бұйымдарды кию мерзімдері қайта қаралды, бірқатар бұйымдар қажеттіліктің болмауы себебінен алынып тасталды. Босаған қаражат есебінен норма күнделікті киюге жататын бұйымдармен толықтырылды.

Жобаны iске асыру жергiлiктi және республикалық бюджеттерден жыл сайын бөлiнетiн ақша қаражаты шегiнде жүзеге асырылатын болады және қосымша бюджеттiк қаражат бөлудi талап етпейдi.