«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗІ
Мекемелердің қызметіне жедел басқару деңгейін арттыру мақсатында «Оңтүстік» ҚР ІІМ Әскери және арнайы жабдықтау базасы» ММ және «Солтүстік» ҚР ІІМ Әскери және арнайы жабдықтау базасы» ММ қосу жолымен бір «Қазақстан Республикасы ІІМ әскери және арнайы жабдықтау базасы» ММ-ді (бұдан әрі – ӘАЖБ) қайта құру жоспарлануда.
Бұл іс-шаралар бюджет қаражатын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, «Оңтүстік» ҚР ІІМ Әскери және арнайы жабдықтау базасы» ММ-нің қысқартылатын штат санының есебінен ІІМ орталық аппаратын, ӘАЖБ, Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола және Ақтөбе облыстары ПД емханалары бар госпитальдарды нығайту жоспарлануда.
Қайта құру рәсімдерін жүргізу республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.