«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 533 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заңның нормаларын жүзеге асыру мақсатында реадмиссияға және ҚР аумағынан тыс шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жол жүру құжатын беру функциясы алынып тасталады және оны босқын мәртебесі бар адамдарға берілуі сақталады.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы        № 533 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрақ жобасына сәйкес жол жүру құжатының №2 суретінде реадмиссияға және ҚР аумағынан тыс шығарып жіберуге жататын адамдар туралы жазу жойылады.

Қызмет бағыты