«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңының 3-бабына сәйкес  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының  жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

         Жобаның мақсаты  ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, мемлекеттер аумағында жүрген  адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін жасау болып табылады.

Келісімді жасасу ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, мемлекеттер аумағында жүрген  адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз жасайды, сондай-ақ реттелетін салада ынтымақтастық тетігін құруға және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрінің Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде 2024 жылы қараша айында халықаралық шартқа қол қою жоспарланған.

         Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

         Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.

Қызмет бағыты